5.4. Ауамен қамтамасыз ету жүйелері

 

Ауамен қамтамасыз ету жүйелерінің негізгі мақсаты - өнеркәсіптік тұтынушыларды тұтынуы мен графигіне байланысты сығылған ауамен қамтамасыз ету. Оның құрамына: компрессорлық және ауа үрлейтін станциялар, тұтынушыға өнімді жеткізетін құбырлы және баллонды көлік, ауа сақтайтын қондырғылар (ресивер) және ауа таратушы қондырғылар кіреді. Көбінесе, қолданылатын компрессорлардағы сығылған ауа қысымы 0,35 - 0,9 МПа, бірлік өнімділігі - 250 - 7000 м3/мин. Поршенді компрессорлар қысымы 3 - 20 МПа, бірлік өнімділігі - 100 м3/мин.

Орта шамамен, сығылған ауа өндірісіне металлургиялық заводтарда электр энергияның жалпы көлемінің 5% жұмсалады, ал машина жасау зауытарында, тау кен өнеркәсібінде - 25 - 30% жұмсалады. Мөлшері 1000 м3 сығылған ауа өндірісіне 80 - 140 кВт/сағ энергия жұмсалады. Булы компрессорларда бұл үрдіске 17 - 20 кг шартты отын жұмсалады.

Компрессорлық станцияда құрамына ауа жинайтын қондырғы, оны шаңнан тазалушы, компрессор, приводты қозғалтқыш, суытушы, қосымша (құрғатушы, тазартушы, қысым реттеуіш т.б.) қондырғылар кіреді. Станцияда жұмыс тоқтаусыз жүру үшін резервті компрессор орнатады.

Компрессорлы қондырғыларда ауа суытуға арналған арнайы тоңазытқыштар қолданылады. Технологиялық үрдісі бойынша, ауа компрессордан өткен соң құрғатылады. Құрғату әдістері де түрлі болады – арнайы адсорбенттер (сорғыштар) - силикагель, алюмогель, цеолиттер қолданылады. Үлкен ауа көлемін құрғатуға фреонды тоңазытқыштар іске қосылады.

Сығылған ауаны сақтауға, магистральдағы ауа қысымын реттеуге ресивер (газ бен бу жиналатын ыдыс)қолданылады.